Саясат
1 мин оқу 410

Елдегі ЖЭО-ларда жөндеу жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Қазақстанның жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары нақты басталатын күнді сұрады,&nbsp; деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елдегі ЖЭО-ларда жөндеу жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

Сәтқалиев барлық дерлік ЖЭО бойынша жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып жатқанына сендірді.

«Егер кесте бойынша айтсақ, Еуразиялық энергетикалық корпорацияның МАЭС №8 энергоблогында, сондай-ақ Петропавл ЖЭО, «СевКазЭнерго», Атырау ЖЭО, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО, Жезқазған ЖЭО, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» ЖЭО-да күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр», деді Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Жаңа министр жөндеу жұмыстарының басталуы мен аяқталуына қатысты жағдай Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында екеніне сендірді.

«15 сәуірде «Таразэнергоцентр» АҚ ЖЭО-4, 21 сәуірден бастап Қарағанды ЖЭО-3, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, МАЭК ЖШС ЖЭО-2 және басқа да электр станцияларында, соның ішінде «Самрук Энерго» МАЭС-та жөндеу жұмыстары басталады», деп түйіндеді министр.

Бөлісу:
Елдегі ЖЭО-ларда жөндеу жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар