Қоғам
1 мин оқу 280

Түркістан облысының тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша екі жігітті анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Түркістан облысының тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды

Түркістан облысы полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.

Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.

Төле би ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен екі жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған Төле би ауданының тұрғыны.

Бөлісу:
Түркістан облысының тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар