Ауа райы
1 мин оқу 424

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Бүгін &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Бөлісу:
12 сәуірге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар