Аймақтар
1 мин оқу 220
Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды
<p style="text-align: justify;">Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасы азаматтарының 21 жастан 57 жасқа дейінгі заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisiа.kz-ке сілтеме жасап.</p>
21 шетелдік азамат жұмысқа орналасуға рұқсатсыз, ауызша шарт бойынша құрылысқа тартылған.
Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
ЖШС-нің 34 жастағы басшысына, ҚР азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 100 АЕК айыппұл салынды.
Бөлісу: