Қоғам
1 мин оқу 341

Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров ұсталды. Ақпаратты Антикордың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен күдікті І.Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш келіп түсті», делінген хабарламада.

Өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін бұлтартпау шарасы қолданылады.

Ілияс Өсеров 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып келеді.

Бөлісу:
Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар