Өндіріс
3 мин оқу 525

Өнеркәсіпті әртараптандыру жоспары

<p style="text-align: justify;">Экономиканың шикізаттық бейініне қарамастан, Үкімет мұнай химиясы мен металлургияның аралас салаларындағы өндірістік желіні белсенді түрде кеңейтуде. Қазіргі әлемдік ахуал елімізде өңдеу саласын дамытуға көбірек көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді. Әсіресе ОПЕК+ бірлескен мониторинг комитетінің 48-ші&shy; отырысында қабылданған шешім бойынша Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуға мәжбүр. Осы орайда Үкіметтің өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге арналған тұжырымдамасында өңдеу секторы негізгі орын алатынын атап өткен жөн.</p>

Өнеркәсіпті әртараптандыру жоспары

Өңдеуші өнеркәсіпті дамы­ту­дың 2029 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасы орта және жоғары қайта­ бөлу өнімдерін шығаратын техно­логиялық прогрессивті өнер­кәсіпті құруға бағытталған. Саланы дамытудың жүйелі шара­ларының ішінде өндірісті шикі­зат­пен қамтамасыз ету, жаңа кен орын­дарын игеру, өнеркәсіптік инфра­құрылымды дамыту және ірі кәсі­п­орындардың айналасын­да­ шағын және орта бизнес бел­деуін құру қарастырылған. Осы мақ­­сатта 500 млрд теңгеден астам­ сомаға өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру көз­­де­ле­ді. Белгіленген жылдар­ ішінде жалпы сомасы 33,1 трлн­ теңгеге 868 жаңа жоба іске­ қосылып, 147 мың жұмыс орны­ ашылады деп­ болжануда. Жос­­парланған іс-шара­­ларды жүзе­ге асырудан­ өн­дірістің нақты­ өсуі 2029 жылы 1,5 есе, негіз­г­­­і капиталға инвес­ти­циялар 19,8 трлн теңгеге дейін өсе­тіні күтілуде.

Әзірге Қазақстан экономикасы­ ІЖӨ-нің шамамен 19 пайызын ала­тын мұнай секторындағы жағ­дайға айтарлықтай тәуелді. Ресей­лік АКРА рейтингтік агент­тігінің сараптамалық есебі осы­ған­ саяды. Агенттік сарап­шы­ла­ры­ 2004 жылы елдегі мұнай сер­пілісі басталғаннан кейін ши­кізат өндіру іс жүзінде ел өнер­кәсібінің даму динамикасы тұрғы­сынан негізгі және тренд құрау­шы элементке айналғанын атап­ өтеді. 2011 жылға қарай мұнай­-газ өнеркәсіптік өндірісте 54 пайыз шыңына жетті.

Десе де кейіннен жоспарлы­ әрта­­­раптандыру жүріп жатыр. Сара­­п­­шылардың айтуынша, егер­ 2011 жылдан 2020 жылға дейін­ өнеркәсіптік өндіріс құры­лы­мын­­да өндіруші бағыттар басым болса, соңғы екі жылда бұл үрдіс аяқ­талды. Сонымен 2020 жылы ре­­цессия аясында өңдеу көлемі бо­­йынша өндірістен асып түсті, ал 2021 жылы бұл сегменттер 46 па­йыз­­ және 48 пайыз пропорцио­нал­ды үлестерге ие болған.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылы­­мындағы сипатталған өзгеріс­тер­ді өндіруші және өңдеуші сала­лардың құрылымы мен­ дамуындағы үш негізгі айыр­ма­шы­лықпен түсіндіруге болады. Бірін­шіден, өңдеу өнеркәсібі тұрақ­ты өсуді көрсетті. 2012 жыл­дан 2022 жылға дейін өңдеу­де­гі орташа жылдық номиналды­ өсім өндіру сегментінен бір жарым­ есе жоғары болды. Егер өндіруші салаларда 2009, 2015 және 2020 жылдары номиналды түрде құлдырау кезеңдері байқалса, онда өңдеу 2009 және 2015 жылдары айтарлықтай төмен­деді. 2020 жылы экономи­ка­да рецессия болған кезде өсу айма­ғында қалды. Тиісінше, өңдеу­ өнеркәсібінде өсу қарқыны айтар­­лықтай тұрақты, ал өндіру­ші­ бағыттардың динамикасы құбыл­малы.

Екінші сәт. Мұнай мен газды өндіру­ (70-80 пайыз) өндіруші өнер­кәсіптің өзегі болып қала­ береді, бұл сегментті іс жүзін­де біртекті етеді. Өңдеу өнер­кәсі­бі­нің құрылымы гетерогенді, оның метал­лургия, тамақ өндірісі, химия­ өнеркәсібі сынды бірнеше маңыз­ды және белсенді дамып келе­ жатқан бағыттары бар.

Үшінші мәселе – тау-кен өнер­­­­кәсібінде 2022 жылы негізгі ка­пи­­талға инвестициялар 2010 жыл­ға қатысты нақты мәнде тө­мендеді, ал қайта өңдеудің кей­бір сегментінде анағұрлым ма­ңыз­ды болып саналатын қалыпты өсу­ байқалды. Нақты көріністегі инве­с­тициялардың ең көп ағыны негі­зінен өңдеу салаларына әсер етті­. Ал фармацевтика, кокс, мұнай өнімдері, резеңке және плас­т­масса бұйымдары, дайын­ металл бұйымдары өндірісі, сон­дай-ақ жиһаз, химия және цел­люлоза-қағаз өнеркәсібі рекордшылар болды.

Жалпы, АКРА атап өткендей, бірқатар өңдеуші салаларға не­ғұрлым белсенді инвестиция­лау кезінде шығарылымның тұрақты өсуі аясында Қазақстан өнеркәсібі мұнай мен газ өндіруге аз шоғырлана отырып, барынша әртараптандырылып жатыр.

Бөлісу:
Өнеркәсіпті әртараптандыру жоспары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар