Марапат
1 мин оқу 310

«Халық әртістеріне» берілетін үстемеақы екі есе артады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстанның халық әртісі&raquo; құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы мөл&shy;шері екі есе ұлғаяды. Ен&shy;ді бұл марапат иеле&shy;ріне базалық лауазым&shy;дық ең&shy;бекақының 100% мөл&shy;шерінде үстемеақы төле&shy;неді. Қаулы жобасы жуырда өткен Үкімет отырысында бекітілді.</p>

«Халық әртістеріне» берілетін үстемеақы  екі есе артады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­масы­мен биылдан бастап «Қазақ­станның халық әртісі» атағы қай­та берілетін болған еді. Құр­мет­ті атаққа лайық мәдениет қай­раткерлері Рес­публика күні қар­саңында марапатталады.

Айтулы марапат еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қос­қан, осыған дейін «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері» ата­ғына ие болған мә­дениет қыз­меткерлеріне беріледі.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта тағайындау мемлекет тарапынан өнер қайрат­керлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамытып, жетілдіруге, кәсіби шеберлік дең­гейін арттырып, жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға ықпал етеді. Сондай-ақ жас буын­ның шығармашылық жағынан өсуіне, ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға үлес қосады», деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Бөлісу:
«Халық әртістеріне» берілетін үстемеақы екі есе артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар