Қоғам
1 мин оқу 420

«Самұрық-Қазына» қоғамдық қорға табысының 7%-ын аударады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ҰӘҚ&raquo; АҚ жыл сайын &laquo;Қазақстан халқына&raquo; қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер Үкімет қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Самұрық-Қазына» қоғамдық қорға табысының 7%-ын аударады

Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.

Атап айтқанда:

  • науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету;
  • ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру;
  • медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау;
  • ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.

Еске сала кетейік, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.

Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» қоғамдық қорға табысының 7%-ын аударады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар