Жаңалықтар
1 мин оқу 226

Қонақүй кешенінде болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мар­риотт» қонақүй-әкімшілік кешенінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы Астана қаласының ірі инвестициялық нысандарының бірі саналатын кешеннің жаңа ғимаратын аралап көрді. «4+» санатындағы қонақүй құрылысы 2010 жылдың маусымында басталған болатын. Ғимараттың жалпы алаңы 43 мың шаршы метрден асады, ал қонақүйдің нөмірлер қоры 283 бөлмеден тұрады.
Бөлісу:
Қонақүй кешенінде болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар