Әлем
1 мин оқу 501

9 адамды өлтірген «Қазан атқышы» өмір бойына сотталды

<p style="text-align: justify;">Татарстанның Жоғарғы соты Қазан қаласындағы мектептердің біріне қару әкеліп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;<a href="https://tass.ru/proisshestviya/17514323" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">ТАСС</a>-қа сілтеме жасап.</p>

9 адамды өлтірген «Қазан атқышы» өмір бойына сотталды

«Ильназ Галявиев өмір бойына бас бостандығынан айырылып, өз жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтесін», деді үкімді оқыған судья.

Еске сала кетсек, Қазан қаласындағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев 2021 жылдың 11 мамырында аталған білім ошағында атыс ұйымдастырған.

Оқиға салдарынан 7 оқушы мен 2 мұғалім көз жұмды.

Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сотта Галявиев өз кінәсін мойындады.

Бөлісу: