Теннис
1 мин оқу 390

Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды

<p style="text-align: justify;">Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан &ndash; Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыда тұрған Вероника Фальковска да алаңға шығады.

Ал сенбіде Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сында Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Олар да 13:30-да басталады.

Айта кетсек, жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Бөлісу:
Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар