Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті
<p style="text-align: justify;">Екібастұз қаласының 112 пультіне Қ.Сәтбаев атындағы арнаның тоғызыншы сорғы станциясында 1953 және 1950 жылы туған екі балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://pavlodarnews.kz/kz">Pavlodarnews.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
«Оқиға орнына төрт сүңгуір-құтқарушыдан тұратын Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы аттанды. Құтқарушылар сағат 19:30-да сүңгуір құралдарын пайдаланып, жағалаудан 40 метр қашықтықта екі балықшының біреуінің денесін шығарды. Сағат 19:52-де жағалаудан 70 метр қашықтықта екінші балықшының денесі шығарылды», деп хабарлады Павлодар облысының жедел құтқару жасағы.
Құтқарушылар балықшылардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды және мұздың үстіне шықпауға кеңес береді.