Елорда
1 мин оқу 384

Астанада коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өтеді

<p style="text-align: justify;">8 сәуірде елордада &laquo;Жасыл Астана&raquo; экологиялық айлығы аясында алғашқы коммуналдық сенбілік өтті. Оған 11 мыңнан астам адам, 217 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Бір ай ішінде қалада тағы бірнеше сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы өтеді. Айлық шеңберінде жалпықалалық екі сенбілікті – 22 сәуір және 6 мамыр, ал үш коммуналдық сенбілікті – 8, 15 және 29 сәуір күндері – аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күшімен өткізу жоспарланған.

Елордада алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілік 8 сәуірде өтті. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының көмегімен полигонға 555,58 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.

Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Бөлекпаев, А-105, Балталы көшелерінде мәслихат депутаттары, тұрғындар мен еріктілер ағаш отырғызды.

Айта кетейік, 2022 жылы Астанада экологиялық сенбіліктер аясында 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Сондай-ақ 2,7 млн шаршы метр алаң жиналды.

Бөлісу:
Астанада коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар