Оқиға
1 мин оқу 380

Қызылордада жасөспірімдер бір-бірін соққыға жықты

<p style="text-align: justify;">Қызылордада футбол турнирінде төбелеске қатысқандар<span class="Apple-converted-space">&nbsp;</span>полицияға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада жасөспірімдер бір-бірін соққыға жықты

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің бір-бірін соққыға жығып жатқандығы туралы бейнежазба тарап жатыр. 

Оқиға  13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында орын алған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. 

Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293 - бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде. 

Мән-жайды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді.

Бөлісу:
Қызылордада жасөспірімдер бір-бірін соққыға жықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар