Спорт
1 мин оқу 550

Мейірім Нұрсұлтанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

<p style="text-align: justify;">Ертең қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a class="text-entity-link" dir="auto" title="http://Sports.kz" href="http://sports.kz/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer" data-entity-type="MessageEntityUrl">Sports.kz</a> порталына сілтеме жасап.</p>

Мейірім Нұрсұлтанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Ол Инчхондағы (Оңтүстік Корея) бокс кешінің басты кездесуінде шаршы алаңға шығып, жеңіліп көрмеген жапондық Кадзуто Такесакомен (15-0, 14 КО) жұдырықтасады. Қос боксшы Нұрсұлтановтың WBO International тұжырымы бойынша орта салмақтағы титулы үшін күш сынасады.

Жекпе-жек алдында екі қарсылас салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, орта салмақтағы шекті (72,57 келі) бағындырды.

М.Нұрсұлтанов бұған дейінгі кездесуін 2022 жылдың қазанында Люблинде (Польша) аргентиналық Марсело Эстебан Косереске (31-5-1, 17 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Ал Такесакоға келсек, ол қараша айында Токиода өткен додада оңтүстіккореялық Гюн Мо Юды (8-8-3, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Бөлісу:
Мейірім Нұрсұлтанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар