Ауа райы
1 мин оқу 515
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» мәліметінше, елімізде алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыста жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады.
Сондай-ақ оңтүстік аймақтарда ыстықтың бәсеңдеуі және қатты жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде. Бүкіл аумақта жел күшейеді.
16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді.
Бөлісу: