Спорт
1 мин оқу 1,190

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен жеңді

<p style="text-align: justify;">Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен жеңді

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты.

М.Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласты.

Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді. Мейірім жекпе-жек барысында басымдылығын байқатып, сегізінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Ал  Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.

Бұл қазақстандық боксшының 19-шы жеңісі. Осылайша, ол өзінің WBO белдігін сақтап қалды.

Бөлісу:
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар