Петропавлда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Автобус жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында 16 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Петропавл қаласындағы Қизатов көшесінде Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жастағы қыз баланы қағып кетті.
Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз бала түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.
Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін полицейлер материал жинап жатыр.