Мәдениет
1 мин оқу 890

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өтеді

<p style="text-align: justify;">Әл-Азһардың Бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шарифті қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өтеді

Кездесу барысында Қазақстан елшісі шейх А. ат-Тайебті биылғы жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлау аясында өтетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Әл-Азһар шейхі өз тарапынан Каирдегі әз-Заһир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуына орай, сондай-ақ әл-Азһар университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізу бойынша мүдделі мысырлық мекемелерге тиісті тапсырмаларын берді.

Айта кететін жайт, мерейтойға қатысты 500-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланса, оның 50-ге жуығы халықаралық және республикалық деңгейде өткізілмек. Бұл іс-шаралар мәдени-ағарту және білім беру салаларында ұлы Сұлтан Бейбарыс мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді. 2023 жылғы 24 ақпанда Астанада көрнекті қолбасшы Сұлтан Бейбарыс атындағы көше ашылды.

Бөлісу:
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар