Спорт
1 мин оқу 270

«Астана» үздігі топ жарды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Astana Qazaqstan Team&raquo; велоко&shy;мандасының көшбасшысы Алексей Лу&shy;ценко Италиядағы дәстүрлі &laquo;Сици&shy;лия турында&raquo; жеңіске жетті.</p>

«Астана» үздігі топ жарды

Төрт күнге жалғасқан бәсекенің соңғы кезеңінде мәре сызығын бірінші болып кес­кен отандасымыз Алексей Луценко жалпы есепте де үздік шықты. 216 шақырымға жалғасқан жарыстың ең қиын және таулы кезеңін жерлесіміз 5 сағат 29 минут 50 секунд ішінде жүріп өтті. Одан кейінгі орын­дарға оңтүстікафрикалық Луис Мейнтд­жес («Intermarché – Circus – Wanty») пен ита­лиялық Винченцо Альбанезе («EOLO-Kometa») жайғасты.

Жалпы есепте де дәл осы үш велоша­бандоздың мерейі үстем болды. Ал «Астана» велокомандасына биыл ғана қосылса да, екі жарыста үздіктер қатарынан көрінген британиялық Марк Кавендиш бұл жолы 102-орында қалып қойды.

Бөлісу:
«Астана» үздігі топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар