Елорда
1 мин оқу 313

Елордада қар күреу жұмыстары күшейтілді

<p style="text-align: justify;">Қардың қалың түсуіне байланысты шаһардағы коммуналдық сала қызметкерлері мен арнайы техникалар күшейтілген режимде қар тазалау жұмысына жұмылдырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәселен, Байқоңыр ауданында 16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні 3 500-ге жуық текше метр қар аумақтан шығарылды. Таңнан бері қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника мен 50-ге тарта жол жұмысшысы шықты.

Есіл ауданы бойынша қар тазалау жұмыстарына барлық коммуналдық шаруашылығы мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, 283 бірлік арнайы техника, 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Алматы ауданында 112 бірлік арнайы техника мен 595 жол жұмысшысы жолдар мен тротуарларды тиісті және ең бастысы, қауіпсіз күйге келтіруге тырысып, еңбек етуде.

Бөлісу:
Елордада қар күреу жұмыстары күшейтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар