Қоғам
1 мин оқу 290
Жаңаөзендегі жарылыста зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі 1972 жылы туған ер адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Дәрігерлер зардап шеккен адамға денесінің 60-70 пайызын күйік шалған деген диагноз қойды. Науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Тиісті ем-дом жүргізілуде», деп мәлім етті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапты.
Бөлісу: