Қоғам
1 мин оқу 372

Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі

<p style="text-align: justify;">18 сәуірде Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде суық су өшіріледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі

«Алматы су» МКК мәлім еткендей, 18 сәуірде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданы аумағындағы Ә.Кекілбаев - Витебская - Гагарин - Левитан көшелерінде, сонымен қатар «Бағанашыл-2», «Қазақфильм», «Нұр Алатау» шағынаудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су уақытша өшіріледі. Суық су қызметіне енгізілген шектеулер жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет»,  делінген хабарламада.

Айта кетсек, ертең денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың басқа да ғимараттарына автоцистерналар арқылы су беру ұйымдастырылады.
Бөлісу:
Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар