Қоғам
1 мин оқу 351
ШҚО-да ауа райына байланысты жабылған жол қайта ашылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында тұманға байланысты жабылған жол қайта ашылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 13.30-дан бастап жабылған жол қайта ашылды.
«Тұман түсіп, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жабылған облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа рұқсат берілді. Осы ретте өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», делінген мәлімдемеде.
Бөлісу: