Фотогалерея
2 мин оқу 1,121

Сөйлейтін суреттер

<p style="text-align: justify;">Қостанайда суретші Аңсаған Мұстафаның &laquo;Сөйле, сурет!&raquo; атты көрмесі ашылды. Облыстық сурет галлереясына қылқалам шеберінің 60 шақты туындысы ілінген. Ақ кенепке тамған қара бояудың бәрі сөйлеп тұр десе болады. Әр туындының өз үні, өз жүгі бар: бірі қазіргі қоғамды алаңдатып отырған сан алуан келеңсіз дүниелерді мінейді, енді бірі қоғам назарын бала тәрбиесінде кетіп жатқан кем-кетік мәселелерді меңзейді.</p>

Сөйлейтін суреттер

Суретшінің бірқатар туындылары әлеуметтік желілер мен ұялы телефонға тәуелді бо­лып қалған балаларға ар­налған. Мысалы, бір суретте ана­сының құрсағында жатқан баланың гаджетке үңілген қал­пы бейнеленіпті. Енді бір суретте жас ана сәбидің орнына «Facebook» белгісін құшақ­тап тұрса, екіншісінде смарт­фон­­ның құшағындағы бала «TikTok» же­лісінен сүт еміп жа­тыр.

фыва

Суретшінің бүгінгі қо­ғам­ның өзекті мәселелеріне ар­нал­ған туындыларының маз­мұнын «Анаға хат», «Бұл күн қашан бітеді?», «Бас­қа жерде ойна», «Ұрмашы, әке, қор­қамын», «Қуыр­шақ», «Ма­хаббат па?», «Ша­қырылған або­нентпен сөй­ле­су мүмкін емес», «Бала ар­маны», «Әліп­пе», «Менің анам» деген сияқ­ты ықшам сөз тіркес­тері аша түседі.

ыва

Мысалы, кешкілік жұ­мыс­тан келісімен баласына бір ауық көңіл аударудың орнына, теледидарға телміріп жатып алатын әкелер бар. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан әлеуметтік туындылардың бі­рінде жамаулы ойыншығын құ­шақтап алып, «Құдай, не­ге мені теледидар қылып жарат­падың? Әкем жұмыстан келгенде маған қарар еді!» деп жазып отырған кішкентай қыз бала бейнеленген. Суретші көз алдындағы әкесінен бір­ауыз жылы сөз ести алмай, жал­ғыздық тақсіретін тартқан сәби қиялындағы жазу арқылы бүтіндей қоғамға дабыл қақ­қандай көрінеді.

– Аңсаған Мұстафаның туын­дыларымен бұған дейін де әлеуметтік желі ар­қы­лы та­­­ныспын. Сурет­ші­нің шы­­­ғармалары шынайы­лы­ғымен ерекше, көбіне біз бай­қай бер­мейтін, бір­ақ ай­наламызда болып жат­қан өзекті мәселелерді қоз­ғайды. Бұл суреттер әр­­кімге де ой салып, бәлкім көп маңызды дүниеге онша көңіл бөле бермейтін талай жандардың өз отбасы­на, әке-шешесіне, бала-ша­ғасына деген көзқарасын өзгертуге ықпал етуі мүмкін. Сон­дықтан мұн­дай туындылар көрмеде емес, көшелерде тұруы керек, – дейді сурет галереясына келген қала тұрғыны Мұратбай Жұмаш.

«Сөйле, сурет!» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Сөйлейтін суреттер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар