Жәдігер
5 мин оқу 532

Ертіс-Баян жәдігерлері

<p style="text-align: justify;">Екі иініне ел мұрасын қондырып елордаға Ертіс-Баян өңірі келді. Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай &laquo;Алаш аманаты&raquo; атты көрме қойып, қарық қылып жатыр. Жәдігерлерді әкелген Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі.</p>

Ертіс-Баян жәдігерлері

Ашылуына қатысқан біздің өзіміз біраз қор жинап қайтқандай болдық. Соңғы жылда­ры­ облыс аумағынан Алаш ардақтыларына қа­тысты тың деректер, қолжазбалар, көне кітап­тар табылып, құнды дегендерін Астанаға әкел­гені игі қадам демеске қоймайды. Тұл­ға­лардың шығармашылық өмірінен сыр шер­тетін жәдігерлер облыстық музейде ғана­ тұрмауы тиіс қой. Елорда төріндегі ілім­-білімге құлағын түрушілер арқылы көп­шілікке таралса, нұр үстіне нұр. Оның үстіне облыстық музейден мұнда Мәшһүр Жүсіп­ Көпейұлының жеке заттары, Абай Құнан­­бай­ұлының 1909 жылы Санк-Петер­бург­те басылып шыққан тұңғыш кітабы, Ахме­т Байтұрсынұлының араб қарпімен жарық­ көрген «Маса» және «Қырық мысал»­ жинақтары, Нәзір Төреқұловтың «Темір­қазық»­ (журналы 1923 жыл, Мәскеу қаласы), «Жас қазақ» (1923 жыл, Орынбор қаласы), Қошке­ Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» (1923 жыл) еңбегі, күрескер ақын, сазгер Мәди­ Бәпиұлының құраны топтастырылып, көр­ме­ге тұңғыш рет қойылды.

Көрменің ашылуында сөз сөй­­леген Мәде­ниет­ және спорт ми­нистрлігі Архив істері жән­е құжат­та­маны басқару комитетінің төр­аға­сы Қуат Бораш Алаш арыс­тары мен ұлт­ қайраткерлерінің ізі қалған Ертіс-Баян өңірінде мұндай құнды жәдігерлердің көптеп табылуы заң­ды­ екенін алға тартты.

Парламент Сенатының депу­та­ты Алтын­бек­ Нұхұлы сөзін қол­жаз­ба­лар және сирек кі­тап­тар қорын ашу­ды алғаш қолға алған Қа­ныш Сәт­баев­тың еңбегімен байланыс­тырды.

Павлодар облыстық мәдениет, тіл­дерді дамыту және архив ісі бас­қармасының басшы­сы­ Медет Тауас­қан:­ «Көрмеге ұсынылған көне кі­тап­тардың, ескі жәдігерлердің бар­­­лы­ғы дерлік жеке адамдардың қо­лынан та­был­ды. Бұл жергілікті ха­лықтың мұраға ұқып­тылықпен, ыжда­­ғаттылықпен қарай­тын­ды­ғы­ның­ айғағы. Оның үстіне бұлардың бәрі­ өте сапалы сақталған. Мәселен, біз­дің өңірден табылған Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербургтен шыққан ескі кітабын ала­йық. Мұндай кітап Қазақстанда санау­лы ғана­. Біздегісі еліміздегі дәл осы кітаптың ең­ сапалы сақталған нұсқасы болып сана­ла­ды. Кітаптың иесі көне жәдігердің жергілікті Бұқар жырау­ атындағы әдебиет және өнер музе­йінде сақталғанын құп көрді. Бұл – біз үшін­ үлкен олжа. Тағы бір атап өтерлігі, бұлар­дың бәрі Павлодардың шекара шебіндегі оры­сы­ көп аудандарынан табылған».

Павлодар облыстық Бұқар жы­рау атын­да­ғы әдебиет және өнер­ музейінің директоры­ Ер­бол­ Қайыров көрмедегі жәді­гер­лер­ге экс­кур­­­сия жасап, кеңірек та­ныс­тырды. Мәшһүр Жү­сіп­ Көпейұлының 1907 жылы Қазан қала­сында Құсайыновтар баспа­ха­насынан­ шық­қан «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тама­шамыз», «Сарыарқаның кімдікі екен­дігі» және­ «Хал-ахуал» атты кітап­­тарының түп­нұс­қалары, сон­дай­-ақ, қазақ әулие тұтқан ақын­ның­­ бойтұмары, басқа да мұралары жақ­сы­ сақ­талыпты.

1939 жылы музыка зерттеушісі Борис Ер­­за­­кович Естай Беркім­бай­ұлының аузынан­ ха­лық компози­тор­лары мен автордың өзіні­кін­­ қос­қан­да,­ 23 ән жазып алыпты. Сол ән­дер­­­дің­ нотасы қағазға түсіріліпті, оны да­ тама­шаладық.

Кейінгі бірер жыл көлемінде Па­в­­­­лодар аймағынан табылған бұл­­­ кі­­таптар елдің қолында Құран деп­­­ сақ­талып жүрген көрінеді. Сол­ «Құранға» баланған кітаптардың бірі – 1909 жылы Санкт-Петербургте шық­­­қан Абай Құнанбайұлының өлең­ жинағы. Бұл жөнінде Әли­хан Бөкей­хан жазып кеткен. Кәкітай мен Турағұлдың апаруымен жарық көрген жәдігер бұған дейін табыл­ған­ Абайдың алғашқы кітап­тарына қара­­ғанда жақсырақ сақ­тал­ға­нын ескер­ген жөн.

Сол сияқты Нәзір Төреқұловтың ре­дак­­­тор­­лығымен 1923 жылы Мәс­кеу­ қаласындағы Ұлт­­­тар комисса­риа­ты жанындағы «Күн­­­­шы­ғыс»­ бас­­па­­сынан шығып тұрған «Те­мір­­қазық» жур­налы да жұртшылық на­за­­­­рына ұсынылды. Соңғы 2-3 саны бірік­ті­­рі­л­­іп жарияланған жур­нал Павлодар облы­сын­­дағы Терең­көл ауданынан табылыпты. Бай­­тұр­сынұлы әліпбиінің өңделген нұсқасы не­гі­зінде терілген. Титул бетінде араб және орыс­ әріптерімен «Жер жүзі, еңбекшілері, бірі­гіңдер. Темірқазық. Айында бір шығатын сая­сат, шаруашылық, білім, әдебиет журналы.­ Саны 2-3, март-апрел, 1923 жыл» деп бас­па­ның мәліметі беріліп, орта тұсынан «Ұлт мәсе­лелері жайынан» деген тақырыпта мақа­ла­ басталады.

Ахмет Байтұрсынұлының «Ма­са»­­­ кі­та­бы­ның екеуі табылыпты.­ Ақын­­­­­ның бұл өлең­дер жинағы үш­ рет­ басылса керек. 1911 жы­лы Орын­бор­­да, екінші рет басылғаны күні­­ бү­гінге табылмаған, ахметтану­шы­лар­ 1914 жылы басылуға тиіс деп­ бол­жапты. Кере­куден келгені 1922 жыл­ғы нұсқасы, Аққу­лы ауданы­нан­ шығыпты. Мұқабасы сақ­тал­ма­ған, барлығы 94 бет. Беттері үлбі­реп­­ тозған, мүжілген, ұстап оқуға жарам­сыз.­ Байтұрсынұлы жазуының алғаш­қы нұс­қа­­­сымен терілген. Сон­дай-а­қ «Қырық мысал­дың»­ да бір нұс­қасы табылыпты. Ол зерттелу­ үс­­тінде.

1924 жылы Мәскеуден шыққан Қошке Ке­мең­герұлының «Қазақтың тарихынан» кітабы­ да көрмеге қойылды. Абылай хан заманынан­ бас­тап, Кенесары-Наурызбай, Әлихан Бөкей­хан­­ға дейінгі қазақ даласындағы жағдаяттар қам­тылған. Төрт мың данамен шыққан кітап­тың­ қазір 4-ақ данасы сақтаулы. Бірі – ұрпағы Қайыр­бек Кемеңгерде, Мәс­кеу­де және Алматы­да, төртіншісі – Пав­­ло­дардағы Железин ауда­нынан табыл­ған осы нұсқа.

1926 жылы Қызылорда қаласынан шыққан Жүсі­п­бек Аймауытұлының «Қартқожа» романы­ да көрмедегі құнды жәдігерлердің бірі. Бұл кітаптың екі-ақ түпнұсқасы бар, бірі Ал­матыда болса, екіншісі осы музейде. Бұл­ кісі тек шығармашылықпен ғана айналыспай, қолдан көптеген дүние жасауға шебер болған. Киіз үй, домбырадан бас­тап­ ұсақ-түйек бұйымдар қашаған және Жүсіп­бек­ Аймауытұлы өз қолымен тоқыған кілем облыс­т­­ық музейде тұрғанын мәлімдеді.

Жазушының үш баласының суреті көзге оттай­ басылды. Бектұр, Жанақ, Мағзума. Әке­лері­ «халық жауы» боп атылып кеткен соң, Бек­тұр – Виктор, Жанақ – Евгений, Мағзума – Муза боп өзгертіледі. Кейіннен 1994 жылдары­ Бектұрлар Қазақстанға келгенде, Біш­кек­ қаласында тұратын Жанаққа барады. Жанақ­қа «біз Жүсіпбек Аймауытұлының баласымыз, сен де сол кісінің баласысың ғой» десе, ол «жоқ, мен Жүсіпбек Аймауытұлын таны­маймын» депті. Үйіне кірсе, бір бұрышта жазу­шының суреті ілулі көрінеді. «Міне, суре­тін іліп қойыпсың ғой» десе, «жоқ, мен­ бұл кісіні классик жазушы ретінде сақ­тап­ жүрмін» деген. Бірақ Бектұр жазады: «Дар­ба­за­ның есігін аша сап соңыма қарасам, Жа­нақ­ еңкілдеп жылап тұр екен», деп. Алайда әке­лерінің ақталып шығуына Жанақтың Мәс­кеу­де тұратын қыздары көмектескен деседі.

Сұлтанмахмұт Торай­ғы­р­ұлы­ның­ 1933 жылы ла­тын­ қарпімен шық­­қан шығар­ма­ларының то­лық жина­ғы да көрмеге қойылған. Ақын шы­ғармаларын көзінің тірісінде Жүсіпбек Ай­мауытовқа тапсырады. Жүсекең үлгеріп бас­паға тапсырады, ол жөнінде Мәшһүр Жү­сіп­ Көпейұлына жолдаған хатында айтады. «Мен Сұлтанмахмұт шығармаларын баспаға тап­сырдым» деп. Бірақ өзі ұсталып, атылып кет­кендіктен, 1933 жылы бұл кітап Сәбит Мұ­қа­новтың алғысөзімен жарық көреді.

Күрескер ақын Мәди Бәпиұлы ұстаған Құран­ кітап та көрмеде тұр. Мәди опат болған соң­ Нұрила атты апасы Май ауданындағы туған­дарына қалдырған екен.

Иса Байзақов тұтынған заттар мен қол­жаз­басы, Жанбике Ша­ни­­­на­ның соңғы су­реті, Жұмат Шанин­нің­ 1928 жылы жа­рық­ көрген «Арқа­лық батыр» кітабы, Әл­кей Мар­ғұланның, Шахан Мусиннің қол­­жаз­ба­лары... Көрмедегі жәді­гер­лерді осылай жал­­ғастыра беруге болады. Қызығы, барып тамашалаған.

Бөлісу:
Ертіс-Баян жәдігерлері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар