Қазақстан және Оман сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды қолдау министрі Қайс әл-Юсефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Кездесуде 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумға шақыру хаты табысталып, көзделіп отырған іс-шараның маңыздылығы мен күн тәртібі талқыланды. Қайс әл-Юсеф хатты ризашылықпен қабылдап, аталған форумға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды кеңейту қажеттілігін талқылады. Атап айтқанда, құрылып отырған үкіметаралық комиссия шеңберінде қос елдің мүдделі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдары қарастырылды.