Өнер
1 мин оқу 350

Рухани астананың тарихи бейнесі

<p style="text-align: justify;">Оқушылар сарайының ЮНЕСКО клубы Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай қылқалам шеберлері және кәсіби, әуесқой фотографтар арасында ұйымдастырған &laquo;Көне мен келешек көпірі&raquo; атты халықаралық байқау мәреге жетті.</p>

Рухани астананың тарихи бейнесі

Түркістанның тарихи ма­ңызын ашып, дарынды жастар шығар­ма­шылығына қанат бітіріп, ұлттық құн­дылықтарға деген ерекше құрметін, елжан­дылық, отансүйгіштік сынды патриоттық сезімдерін қа­лып­тастыру, әуесқой фото­­граф мамандығына жол ашу мақ­сатындағы бай­қауға қаты­су­шылардың жас ерек­шеліктеріне шектеу қойыл­мады. Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның тарихы мен бүгінгі көрінісі бейнеленетін туындылар қа­былданған өнер байқауы «Этно­ауыл» қалашығында қоры­тын­дыланды.

Байқауға Түркістан, Қы­зыл­орда облыстары мен Ал­маты, Орал, Аты­рау, Ақтау қа­лалаларынан 30-дан астам фото­граф пен суретші қа­тыс­­қан. Ережеге сәй­кес байқаудың ма­рапат­тау салтанаты екі бағытта өт­кізілді. Біріншісі – көне және жаңа Түр­кістан кө­рінісінен сыр шертетін фото­­суреттер болса, екіншісі – ру­ха­­­ни астананың келбеті бей­­неленген картиналар. Нә­тижесінде, «Фотосурет» аталымы бойынша Серік­болсын Шері жеңімпаз атанса, Асыл Жұмаханов екінші, Антон Лищенко мен Ұлпан Әбдірахман үшінші орынға ие болды. Ал «Қылқалам ше­берлері» аталымы бо­йын­ша Темірбек Нұрмашев же­ңім­­паз атанды, Мұрат Ша­ханбаев екінші және Се­рік Қинабаев пен Ержан Рысым­бетов үшінші орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүл­де­герлер арнайы Алғысхат және қаржылай сый­лықпен ма­рапатталды.

ТҮРКІСТАН 

Бөлісу:
Рухани астананың тарихи бейнесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар