Хоккей
1 мин оқу 200

Алғашқы екі ойындағы сәтсіздік

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында шайбалы хоккейден қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бірінші дивизионның &laquo;В&raquo; тобында бақ сынап жатқан жерлестеріміз алғашқы екі ойында сәтсіздікке ұшырады.</p>

Алғашқы екі ойындағы сәтсіздік

Қазақстан құрамасы биылғы әлемдік додада Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея құрамаларымен шебер­лік байқасып жатыр. Осы топта жеңімпаз атанған бір ғана құрама «А» тобына жол­дама алады. Жерлестеріміз әлем чемпионатындағы алғаш­қы ойы­нын Ұлыбритания құрама­сымен өткізіп, бір шайба айыр­машылығымен жеңіліп қалды. Алғашқы екі кезеңде хоккейшілер бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Тек бәсекенің аяқ­талуына 11 минут қалғанда британиялық хоккейшілер гол соғып, жеңіске жетті – 1:0.

Сувондағы сайыстың екінші күнінде Виктория Сазо­нова шә­кірттері Словения қызда­ры­­мен кездесіп, бұл жолы да бір шайба айырмашылығымен қар­сыластарына жол берді – 2:1. Сло­вения сапынан Сара Кон­фи­денти (3-минут) мен Пиа Прен (45) мергендігімен көзге түссе, Қа­зақстан құрамасынан Алек­сандра Голотвина дәлдік танытты.

Бөлісу: