Аймақтар
1 мин оқу 290
Петропавлда зейнеткер терезеден құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Петропавлда зейнеткер 5-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
18 сәуір Петропавл полиция басқармасының кезекші бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазір істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Бөлісу: