Жаңалықтар
1 мин оқу 257
Министр Семей гарнизонында
Қорғаныс министрі Серік Ахметов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.
С. Ахметов өңірлік қолбасшылыққа қарасты бөлімдер мен құрамаларда болды, сондай-ақ, «Семей Инжиниринг» және «Семей машина жасау зауыты» АҚ қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының қызметімен танысты.
Өңірлік қолбасшылық басшылығы алдына бірқатар тапсырмалар қойған министр қорғаныс-өнеркәсіптік секторды одан әрі нығайту және жаңа өнеркәсіптік желілерді игеру қажеттігін атап өтті.
Бөлісу: