Теннис
1 мин оқу 244
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде өнер көрсетеді
<p style="text-align: justify;">Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 сериясындағы турнир басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Бірінші раундта Қазақстанның әйелдер командасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 65-ші орында тұрған неміс Юле Немайермен күреседі.
Келесі айналымға шыққан жағдайда Рыбакина жұптың жеңімпазы Мартина Тревизанмен (Франция) - Беатрис Хаддад Майямен (Бразилия) ойнайды.
Турнир арнайы жабынды корттарында өтеді. Жүлде қоры жарты миллион доллардан асады. Жеңімпазға жүлделерден басқа Porsche Macan Turbo S Sport Turismo автокөлігінің моделі де беріледі.
Бөлісу: