Хоккей
1 мин оқу 354

Францияны ірі есеппен жеңді

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден әлем чемпио&shy;натына дайындалып жатқан Еліміздің жасөспірімдер құра&shy;масы маңызды бәсеке алдында жарыс қо&shy;&shy;жайындары &ndash; Франция хоккей&shy;ші&shy;лерімен шеберлік байқасып, ірі есеппен жеңіске жетті.</p>

Францияны ірі есеппен жеңді

Жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден А дивизионының әлем чемпио­наты 24-29 сәуір күндері Францияның Анже қаласында ұйымдастырылады. Сергей Старыгин жетекшілік ететін Қазақстан құра­масы жаһандық доданың алдында Фран­циямен жолдастық матч өткізіп, 7:2 есебімен басым түсті.

Бұл матчта жерлестерімізден бірінші кезеңде – Дәулет Нүркенов, Егор Левковец (дубль), екінші кезеңде – Никита Ситников (дубль), Роман Большедворский, үшінші кезеңде Кирилл Канкин мергендігімен көзге түсті. Еліміздің жасөспірімдер құра­масы Франциядағы әлем чемпионатында Мажарстан (23 сәуір), Жапония (24 сәуір), Дания (26 сәуір), Украина (27 сәуір) және Франция (29 сәуір) хоккейшілерімен кездеседі.

Бөлісу:
Францияны ірі есеппен жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар