Әлем
1 мин оқу 441

Куба президенті сайланды

<p style="text-align: justify;">19 сәуірде Куба халық билігінің ұлттық ассамблеясы (бір палаталы парламент) қазіргі мемлекет басшысы Мигель Диас-Канел Бермудесті 2028 жылға дейінгі мерзіммен президенттікке сайлады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> dw.com сайтына сілтеме жасап.</p>

Оның президенттікке сайлануын отырысқа қатысқан 462 депутаттың 459-ы қолдаған. Кубаның қазіргі вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса тағы бір мерзімге қайта сайланды. Үкімет құрамы да бекітілді.

Кубада 2019 жылы жаңа конституция қабылданғаннан кейін президенттік институт қалпына келтірілді. Мигель Диас-Канель мен Сальвадор Вальдес Меса 2019 жылдың қазан айында президент және вице-президент болып сайланған еді.

Сол жылы қабылданған Ұлттық Жиналыс регламентіне сәйкес, олардың бірінші мерзімдегі өкілеттігі бес жыл емес, төрт жыл бойы – парламенттің жаңа шақырылымы басталатын 2023 жылға дейін жарамды болды.

Бөлісу:
Куба президенті сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар