Есірткі
1 мин оқу 271

Ақтөбе тұрғынынан есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Жаңақоныс ауылынан есірткі жасырылған орын табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбе тұрғынынан есірткі тәркіленді

Есірткі тасымалдаушыны жолда оның көлігін тексеру кезінде анықтаған. Ақтөбе облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және ҚР ІІМ ЕБҚІҚД-мен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының кіре берісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігінен ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакеті табылды.

Оның үйінде де есірткі сақталғаны анықталды. Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырылған арнайы орын бары белгілі болды.

Жалпы салмағы 2 кг-нан астам синтетика тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті ҚПК-тің 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды.

Бөлісу:
Ақтөбе тұрғынынан есірткі тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар