Жыл басынан бері 88 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Соңғы 6 жыл ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында психоактивті заттарға тәуелділік 17 есе артқан. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова көтерді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Депутаттың айтуынша, 2023 жылдың басынан бері ел бойынша 88 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, мұндай мөлшердің қара нарықтағы құны 1,7 млрд теңгеден асады.
Динара Шүкіжанова тәуелділіктің мұндай түрімен күресу іс-шараларын жүргізу барысында Президент жанындағы Жастар кеңесінің рөлі аса маңызды деп санайды.
«Біз, «Республика» партиясының өкілдері келесі мәселелерді қарастыруды ұсынамыз. Заңнаманы қатаңдату: жасырын есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар үшін жауапкершілікті күшейту. Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымын үгіттегендер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру. Бұлтартпау шарасын уақытылы шығару мақсатында синтетикалық есірткінің сот сараптама өндірісінің мерзімін қысқарту», деді Мәжіліс депутаты.