Теннис
1 мин оқу 365

Турнирді жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан құмдауыт корттағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.</p>

Турнирді  жеңіспен бастады

Жүлде қоры 780 637 долларға бағаланған доданың алғашқы айналымында осы жарыстың алтыншы ракеткасы ретінде тіркелген Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен шеберлік байқасты. Бір жарым сағатқа жалғасқан матчта отандасымыз қарсыласын екі сетте – 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, екінші айналымға жолдама алды. Бәсеке барысында отандасымыз 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдалана білді. Елена турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.

Турнирдің жеңімпазына 120 мың еуро мен «Порше» спорткары сыйақыға қо­сымша ретінде иелік ететінін айта кетейік. Ал Штутгарттағы турнирдің былтырғы бәсе­кесінде Е.Рыбакина екінші айналымда сүрінген болатын. Ол 1/8 финалда испаниялық Паула Бадоса Хибертпен кездесіп, үш сетте 6:4, 4:6, 7:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Бөлісу:
Турнирді жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар