Футбол
1 мин оқу 222

Жартылай финалға шыққандар белгілі

<p style="text-align: justify;">Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финал матчтары аяқталып, турнирдің жартылай финалына жолдама алған ең үздік төрт клуб белгілі болды.</p>

Жартылай финалға шыққандар белгілі

Ширек финалдың екінші күнінде Гер­ма­нияның «Бавариясы» өз алаңында Ан­глияның «Манчестер Сити» клубын қабылдап, 1:1 есе­бімен тең ойнады. Дегенмен Тұманды Альбионда өткен алғашқы матч­та «Сити» қарсыластарын 3:0 есебімен жең­генінің нәти­жесінде жартылай финалдың үшінші жолдамасына иелік етті.

Ал «Интер» мен «Бенфика» арасындағы матч­та командалар бір-бірінің қақпасына үш голдан соқса да (3:3), жартылай финалдың жолдамасын италиялық ұжым қанжығасына байлады. Өйткені Португалияда өткен бірінші ойында «Интер» клубы 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сөйтіп, бірінші жартылай финалда «Ман­честер Сити» мен «Реал», екінші матчта бір қаланың, яғни Миланның екі клубы – «Интер» мен «Милан» кездесетін болды. Бір айта кетерлігі, соңғы екі ұжым осыдан 20 жыл бұрын да Чемпиондар лигасының ½ финалында жолыққан екен. Жартылай финалдың алғашқы ойыны 9-10 мамырға, қарымта матч­тар 16-17 мамырға жоспарланған.

Бөлісу:
Жартылай финалға шыққандар белгілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар