Бокс
1 мин оқу 410

Қазақстан боксшысы WBC белдігіне ие болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан боксшысы Дәулет Дәукенов 11-2, 5 КО) Чехияның Оломоуц қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/bokser-izkazahstana-vyiigral-boy-zatitul-wbc">Sports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл жолы Дәулет Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты.

Кездесу 8 раундқа есептелген. Боксшылар ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін сарапқа салды. Кездесу қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс мансабында 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды.

Ал Робин Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.

Бөлісу: