Технология
1 мин оқу 1,190
WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады
<p style="text-align: justify;">WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылады. Бұл функция жойылып бара жатқан хабарламалармен жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Енді мессенджер арқылы хат алмасу кезінде хабарламаларды сақтауға мүмкіндік беретін «Чатты сақтау» функциясы пайда болады.
«Егер сіз хабарлама жіберген болсаңыз, оны чаттағы басқа қатысушылар сақтай алады. Бірақ, оның сақталу, сақталмауын өзіңіз шешесіз. Мысалы, біреу хабарламаны сақтағысы келсе «Сақтау» дегенді басады, сізге келісім беру, бермеу туралы хабарлама келеді», деп түсіндірді WhatsApp әзірлеушілері.
Бөлісу: