Қоғам
2 мин оқу 830

Қазақстанда суицид көрсеткіші төмендеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім статистикасы 7 пайызға, суицид жасауға әрекеттену көрсеткіші 5 пайызға төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://ranking.kz/kz/sholu/kogam/kazakstanda-suitsid-zhasau-7-suitsidke-erekettenu-17-5-azaydy.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ranking.kz</a> деректеріне сілтеме жасап.</p>

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚР БП ҚС АЕК) мәліметінше, 2022 жылы суицидтен қайтыс болғандар саны 4 мыңнан 3,7 мыңға дейін азайды.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 526 қазақстандық өзіне қол жұмсаған, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5%-ға аз.

Мм

Статистикаға көз жүгіртсек, суицидке көбінесе ер адамдар бейім екенін байқауға болады. Суицидтен қайтыс болғандардың 78,9%-ы ер адамдар: 2,9 мың, қалған 770-і әйел.

Бұл ретте, отандық БАҚ-та жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тақырыбы жиі қозғалатынын айта кету керек. Сонымен қатар, ең осал жас тобы, статистика бойынша, орта жастағы адамдар — 30-дан 54 жасқа дейін. Суицидтен қайтыс болғандардың жалпы статистикасында осы санаттың үлесі 54,9%. Екінші орында егде жастағы адамдар: әрбір төртінші суицидті (23,5%) 55 жастан асқан қазақстандықтар жасаған.

Өзіне қол жұмсап қайтыс болғандар ішінде 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі 17,3%-ды құрады, ал осы жас тобының өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері статистикасындағы үлесі сәл ғана жоғары болды: 18,8%. Дәл осындай үрдіс балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау деректерінен де байқауға болады: өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендердің үлесі іс жүзінде қайтыс болғандардың үлесінен жоғары: тиісінше 5% және 4,3%.

Суицид
Бөлісу:
Қазақстанда суицид көрсеткіші төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар