Ауа райы
1 мин оқу 400

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;"><a href="https://www.kazhydromet.kz/weather/prognoz-sinopticheskoy-situacii-i-opasnyh-yavleniy-pogody-po-territorii-kazahstana">&laquo;Қазгидромет&raquo;</a> РМК сәуірдің 23-іне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.

Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар