Спорт
1 мин оқу 861

Қазақстанның балуан қыздары Испанияда 10 медаль еншіледі

<p style="text-align: justify;">Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында &laquo;Jovenes Promesas&raquo; халықаралық турнирінде он медаль еншіледі, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Спортты дамыту дирекциясы&raquo; РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медаль қанжығалады.

Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.

Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміс медаль иеленді.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.

Бөлісу:
Қазақстанның балуан қыздары Испанияда 10 медаль еншіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар