Аймақтар
1 мин оқу 356
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 3 адам қайтыс болды, ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында жантүршігерлік жол апаты болды.
«ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан.
«ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу: