Теннис
1 мин оқу 270

Финалда жолы болмады

<p style="text-align: justify;">Александр Недовесов Босния және Герцеговинада өткен теннистен Баня-Лука ATP 250 турнирінің финалында ойнап, бас жүлдеге қол жеткізе алмады.</p>

Финалда жолы болмады

Жарыстың жұптық бәсекесінде өнер көр­сет­кен қазақстандық теннисші португа­лия­лық Франциско Кабралмен бірге жұп құрап, финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары ұлыбританиялық Джейми Маррей мен жаңазеландиялық Майкл Винуспен бас жүлдені сарапқа салды. Бір сағат 22 минутқа жалғасқан кездесуде Маррей-Винус жұбы екі сетте 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Атал­ған турнирдің финалына шыққаны үшін Александр мен Франциско 15 190 еуро көлемінде қаржылай сыйақыға және әрқай­сысы 150 рейтингтік ұпайға ие болды.

Өкінішке қарай, Штутгарт қаласындағы WTA 500 турниріне қатысқан отандасымыз Елена Рыбакина да жарыстың екінші айналымынан әріге аса алмады. Ол екінші айналым­да дүниежүзілік рейтингте 14-орында тұр­ған бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шебер­лік байқасып, екінші сетте жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты. Рыбакина былтыр да Штутгарттағы турнирдің екінші айналымында сүрінген болатын.

Бөлісу:
Финалда жолы болмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар