Футбол
1 мин оқу 303

«Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті

<p style="text-align: justify;">Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында &laquo;Тобыл&raquo; мен &laquo;Ақтөбе&raquo; жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Екінші ойын күніндегі негізгі кездесудің бірі «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» командалары арасында өтті. Кездесуде командалар 2:2 есебімен тең нәтиже көрсетті.

Кездесу барысында алдымен ақтөбелік клубтан Арман Кеңесов 28 Лука Гадрани 69-минутта екі гол соққан еді. Оған «Тобыл» шабуылшысы Игорь Сергеев 73, 85-минутта екі голмен жауап қайырды.

Ал «Атырау» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуын» 2:1 есебімен сүріндірді.

Ойын барысында ақтаулық клубтан Чкоб Новак 89 93-минутта мергендік танытса, «Ақсу» cапынан Қайрат Жырғалбекұлы 65-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Бөлісу:
«Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар