Аймақтар
1 мин оқу 230
Ақтөбе көшелерінің бірінде екі адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің жанынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.
ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Бөлісу: