Елорда
1 мин оқу 482
Астанада «Astana Bike» жүйесі қайта іске қосылады
<p style="text-align: justify;">Елордада 25 сәуірден бастап «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.
Велосипедтер мен велостансаларды қосу қала бойынша кезең кезеңімен жүреді:
- 25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса;
- 26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанса;
- 27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса;
- 28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса;
- 29 сәуірде: + 14 велостанса.
Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланып отыр.
Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпаратты www.velobike.kz сайтынан алуға болады.
Велосипедтерді пайдалану уақыты шектелмейді.
Бөлісу: