Еліміздің кей өңірлерінде газ бағасы қымбаттады
<div class="description" style="text-align: justify;"> <div class="description" style="text-align: justify;">Бірқатар өңірде көліктерге жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тарифтерін көтеру туралы бұйрыққа енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> </div> <div class="content"> </div>
Атап айтқанда, баға келесі өңірлерде өсті: Алматыда – литрі 65 теңгеден 75 теңгеге дейін; Алматы облысында – 70 (75 – шалғай елді мекендерде) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін; Шығыс Қазақстан облысында – шалғай елді мекендерді ескере отырып, 60 (65) теңгеден 70 (75) теңгеге дейін; Солтүстік Қазақстан облысында – литрі 70 (75) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін; Абай ауданы бойынша – 60 (65) теңгеден 65 (75) теңгеге дейін.
Қалған өңірлерде автогаз бағасы өзгеріссіз қалды.