Қоғам
1 мин оқу 260

Биыл 5G желісі іске қосылады - Бағдат Мусин

<p style="text-align: justify;">Осы жылы еліміздің үш қаласында 5G желісі іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі&nbsp;Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, осы жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны 5G енгізу жоспарланып отыр.

«2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды. 5G интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді», деді Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Биыл 5G желісі іске қосылады - Бағдат Мусин · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар